Жолаушыларға Астананың әуе кеңістігі уақытша жабылатыны ескертілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қорғаныс министрлігінің ақпаратына сүйенсек, 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін әскери парадты дайындауға және өткізуге байланысты әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшуларын орындау үшін Астана қаласының әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімді шектеулер енгізіледі.
Осыған байланысты жолаушылардан сапарларын жоспарлау кезінде осы шектеулерді ескеру, сондай-ақ, әуекомпания мен әуежайдың ақпарат қызметтерінен рейсті тексеру сұралды:
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!