- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астананы су басуы...
Астананы су басуы мүмкін бе?
Астанада су тасқынына қатысты жағдай тұрақты. Премьер-министр Олжас Бектенов Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановпен бірге су тасқыны жағдайын тексерді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астана қаласы арқылы тасқын суларды өткізуге және су тасқынынан қорғауға арналған Астана контрреттегішінің жай-күйі тексерілген. Сонымен қатар, жауапты тұлғалар Майбалық көлі мен Вячеслав су қоймасының жағдайын бақылады.
Астаналық контрреттегіште секундына 30 текше метр су ағады. Контрреттегішке келіп жатқан ағын секундына 248 текше метр болады.
"Бүгінгі таңда контрреттегіштің су ағызу қабілетін секундына 40 текше метрге дейін арттыру жоспарланып отыр. Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметтері бойынша ахуал тұрақты және ұдайы бақылауда, Астана қаласын су басу қаупі жоқ", - деп жазылған Үкімет хабарламасында.
Астана қаласы мен Ақмола облысының әкімдігі жақын маңдағы елді мекендер мен қалаларды су басудың алдын алу бойынша бірлескен жұмыстар жүргізіп жатыр.
Биыл қолданыстағы 2400 метрлік бөгетке ұзындығы 1200 метр, биіктігі 2,5 метр болатын жаңа бөгет тұрғызылды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова