Астананы су басу қаупі бар ма? ТЖД жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Tengrinews.kz" сілтеме жасап.
Tengrinews.kz тілшісі Астанадағы жағалаудың жай-күйін біліп қайтты.
Сол жағалаудағы жағалаудың жағдайы 14 сәуірде осылай болды. Кадрдан өзендегі су деңгейі көтеріліп, көру алаңын су басқанын көруге болады.
Орындықтар орнатылған демалыс орындарды да су басқан.
Елордалық ТЖД су деңгейінің көтерілуін "шамалы", "су тасқыны шыңы өтті" деп атады. Ведомство Қазгидрометтің деректеріне сүйеніп, Астана аумағында орналасқан Есіл өзенінің гидропосттарында судың орташа деңгейі 615 сантиметр екенін мәлімдеді.
"Бұл көрсеткіш су қоймасы арнасының жағалау бөлігіндегі су деңгейінің шамалы көтерілуін білдіреді. Су деңгейінің шамалы көтерілуі температуралық фонның жоғарылауымен, су тасқыны кезеңінің басталуымен, Есіл өзенінің арнасында еріген мұзбен байланысты. Су тасқыны кезеңінің шыңы өтті", - деп хабарлады Астана ТЖД.
Астана ТЖД мәліметі бойынша, қазіргі уақытта Есіл өзенінің арнасында бүйірлік ағындардың (еріген қардан, мұздан) қысқаруы байқалған.
"Осыған байланысты жақын арада осы су айдынындағы су деңгейінің төмендеуі болжанады. Астана қаласы бойынша су тасқыны жағдайы тұрақты. Елордада тұрғын үйлер мен басқа да нысандарды су басу қаупі жоқ",-деп хабарлады Астана ТЖД баспасөз қызметі.
Тағы да оқи отырыңыздар: Тәрбиенің әдістері мен құралдары. Реферат
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!