Астананы түтін басты. Қазгидромет оның себептерін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Tengrinews.kz"-ке сілтеме жасап.
"Тымық күн, әлсіз жел, тұман, инверсия атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал етеді", - деп хабарлады Қазгидромет.
Тұрар Қазанғапов
Синоптиктер ол Қазақстанда қалыптасқан антициклонмен де байланысты екенін атап өтті. Антициклон желсіз, жауын-шашынсыз ауа-райын әкелді, сондықтан шаң мен пайдаланылған газ ауада ұзақ сақталады.
Еске салайық, бұған дейін синоптиктер Астана, Өскемен және тағы 11 қала тұрғындарына ескерту жасады.
"2024 жылғы 30 қарашада Астана, Ақтөбе, Өскемен, Семей, Риддер, Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Жезқазған, Қостанай, Павлодар, Көкшетау және Петропавл қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі", - делінген хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!