Астананы қалың тұман басты. Ауада жағымсыз иіс бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қазгидромет" қаланы тұман басқанын мәлімдеді.
"2025 жылдың 3 ақпанында кешке Астана қаласында тұман байқалады. Жауын-шашынсыз ауа райы байқалады, жел аз, ауа ылғалдылығы 100 пайызды құрайды", - деп хабарлады метеорологтар.
Алайда қалада өткір иіс сезіледі. Бұл жеке үйлер пешті сапасыз отынмен жылытқаннан болуы мүмкін.
Синоптиктер Астанада 3 ақпан күні кешке, түнде және 4 ақпан күні таңертең тұман болады деп болжады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!