Қазгидромет Астана тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"2 мамырда Өскеменде, түнде Атырау мен Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ауа ластанады", - деп жазылған хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы.
Еске салайық, бұған дейін Қазгидромет 1, 2, 3 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Алдағы күндері Қазақстан аумағынан атмосфералық фронттар өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңғы уақыттарды тұман түседі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова