Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бүгін астаналықтар жаппай алған ұлттық құлақтандыруға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астананы Cell Broadcast технологиясы бойынша төтенше жағдайлар кезінде жаппай құлақтандыру жүйесіне қосып жатыр.
"Бүгін Астанада қала тұрғындары мен қонақтарының телефонында ұлттық құлақтандыру іске қосылды. Қазір Астананы Cell Broadcast технологиясы бойынша төтенше жағдайлар кезінде жаппай құлақтандыру жүйесіне қосып жатырмыз", - деп жазылған хабарламада.
Бұл тестілеу режимінде жүргізілген. Министрлік өкілдері тұрғындарды алаңдамауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.
Еске салайық, бұған дейін астаналықтардың телефонына "Президенттік құлақтандыру" келгені хабарланды.
Ал ТЖМ баспасөз қызметі өкілі ведомство бұл жүйені техникалық тексеруге бастамашы болмағанын мәлімдеді:
"Төтенше жағдайлар министрлігінің MasAlert жүйесін тексеру бойынша жүргізіліп жатқан техникалық жұмыстарға қатысы жоқ. ТЖМ MasAlert платформасын бақыламайды, басқармайды, оған техникалық қызмет көрсету, баптау немесе тестілеу үшін жауап бермейді".
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова