- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астаналықтар табиғи газ...
Астаналықтар табиғи газ құбырын тартуға қанша теңге жұмсайды?
Астанадағы тұрғын үйлерге табиғи газ құбырын тарту үшін құрылыс-монтаж жұмыстарының құны белгіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Елордадағы бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті мәліметінше, бұл жұмыстарға тұрғындардан кететін шығын 97 мыңнан 103 мың теңгенің аралығында болады.
"Астанадағы тұрғын жайларға табиғи газ құбырын қосу кезінде құрылыс-монтаж қызметтері нарығында қызмет көрсететін субъектілердің монополияға қарсы сыртқы актісі келісілді. Бұл орайда құрылыс-монтаж жұмыстары 97 мың теңгеден 103 мың теңгеге дейін барады. Бұл сома құбырдың 25-30 метр ұзындығына бекітілген", - деді департамент өкілдері.
Сонымен қатар, көрсетілген қаржыға газ тартудың жобалық-сметалық және атқарушылық-техникалық құжаттамасы, құрылыс-монтаждау жұмыстары мен материалдық шығыны кіреді.
Азамат Қойшығара
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Қ. Әбілдәқызы