- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астаналықтар референдумға ерекше...
Астаналықтар референдумға ерекше киіммен келді
Астанадағы сайлау учаскелерінің бірінде электромобильмен келген сайлаушылар көзге түсті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Референдум күні ерекше кәстөмдер киген сайлаушылар видеоға түсіп қалды. Олардың арасында Дэдпул, Джокер және Капитан Америка, Бэтмен, батырдың киімін және қазақы көйлек киген қыз да болды.
Жастар ережеге сәйкес өз дауыстарын берді.
Бүгін алғаш дауыс берушілердің қатарында елордалық сайлау учаскелерінің біріне халат пен тәпішке киіп келген астаналық әйел болды.
Еске салайық, 2 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда атом электр станциясының құрылысын салу мәселесі бойынша референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Қазақстан АЭС-ке қатысты референдумды өткізуге 15,5 миллиард теңге жұмсайтыны хабарланды.
Кейінірек Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Қазақстанда АЭС салу бойынша өтетін референдумда бір ғана сұрақ қарастырылатынын айтты.
АЭС салу референдумы қалай өтеді?
Сондай-ақ Қазақстанда АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб құрылды.
АЭС бойынша референдум: бюллетеньде не жазылады?
Өңірлердің АЭС құрылысы бойынша референдумға дайындығы қандай?
Энергетика министрлігі өкілі Massaget.kz-ке берген сұхбатында Қазақстан АЭС құрылысын жүргізетін елге тәуелді болмайтынын мәлімдеді.
Дауыс беретін учаскені анықтауға арналған нұсқаулықпен мына жерден таныса аласыздар.
Айта кетейік, Қазақстан заңнамасына сәйкес, референдум – маңызды мәселелер бойынша жалпыхалықтық дауыс беру. Оны "Республикалық референдум туралы" Конституциялық заң реттейді, ал ұйымдастырумен арнайы құрылған комиссия айналысады.
Референдум бойынша дауыс беру бүгін, 6 қазанда сайлау учаскелерінде сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Бұл ретте 80-нен аса учаске өз жұмысын 06:00-де бастады. Республика бойынша дауыс беруге арналған 10 000-нан аса учаске бар. Шетелде Сеул мен Токиода учаскелер бірінші ашылды.
Жергілікті атқарушы органдар республика бойынша дауыс берушілердің тізіміне 12 миллион 244 мың 683 азаматты енгізді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова