Астаналықтар қаланың сол жағалауынан қара түтін байқады

Астаналықтар қаланың сол жағалауынан қара түтін байқады
Фото: Tengrinews.kz

Астана тұрғындары сол жағалаудан қара түтін будағын байқады. Өрт құрылысы аяқталмаған ғимараттың бірінде болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ТЖМ өрт Қазыбек би көшесіндегі жаңа ғимаратта болғанын хабарлады.

"Бүгін Нұра ауданында салынып жатқан ғимараттың бірінде жану оқиғасы болды. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. ТЖМ күштерімен өрт 70 шаршы метр аумақта оқшауланды", - делінген хабарламада.

Нақтыланған мәліметтер бойынша жаңа ғимараттың бірінші қабатында құрылыс материалдары өртенген, өрт жылытқыштан тұтанған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә