Астаналықтар жиі бұзақылық жасайтын болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Биыл 5 айында қоғамдық орындарда жасалған 26 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 422 млн теңге көлемінде 24 мыңға жуық айыппұл салынды, 462 тұлға әкімшілік қамауға алынды.
Астанада ұсақ бұзақылық жасау және алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болу фактілері жиілеп кеткен. Мысалы астананың 20 жастағы тұрғыны мас күйінде үйдің кіреберісіне кіші дәрет сындырған. Сот оны 15 тәулікке қамауға алды.
Сонымен қатар, кіреберістегі есіктерді әдейі зақымдап, үйдің терезесін сындырған жігіт 15 тәулікке қамауға алынған.
Одан бөлек, түнгі сағат 02:00-де Жеңіс даңғылындағы үйдің ауласында ер адам резеңке балғамен біреудің көлігіне зақым келтірген. Ол 10 тәулікке қамауға алынды.
Тағы бір жағдайда, темекінің қалдығын көліктен тастағаны үшін жүргізуші 5 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл факт бейнебақылау камерасы арқылы анықталды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!