Астаналық тұрғынның көршісі алтын бұйымдарын ұрлап, ломбардқа өткізіп жіберген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұған дейін қала тұрғыны демалыста жүргенде бөлмесінен әшекей бұйымдарының жоғалғанын байқап, полиция қызметкерлеріне арыз қалдырған.
"Алматы" аудандық ПБ-ның полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталып, ол кінәсін мойындады. Анықтау барысында ол ұрланған алтын бұйымдары ломбардқа тапсырып жібергенін жасырмаған.
Ұрлық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, оның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.
Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарға қырағы болуға және бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға, бейтаныс адамдарға сенбеуге кеңес береді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!