Астаналық тұрғынның басына лифттің темір конструкциясы құлап кетті

Астаналық тұрғынның басына лифттің темір конструкциясы құлап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі vse_novosti парақшасына сілтеме жасап.

Оқиға 18 қарашада Астанадағы Байтұрсынов көшесіндегі көпқабатты үйде болған. Лифттегі тұрғынға темір құлап кеткен. Куәгерлер жәбірленушінің қан іздерін көрсетті.

Астана полициясы сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!