Астаналық тұрғынның басына лифтінің темір құрылғысы құлап түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Оқиға 18 қарашада Астанадағы Байтұрсынов көшесіндегі көпқабатты үйде болған. Лифттегі қыздың үстіне темір конструкция құлап түскен.
Куәгерлер қыздың басына құлаған темірді көрсетті, онда зардап шеккен әйел қанының іздері бар.
Астана полициясы сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады.
"Соталды тергеу аясында елордалық полиция қызметкерлері елорда тұрғынының басына лифтті жарықтандыруға арналған темірдің құлап кетуіне байланысты барлық қажетті шараны қабылдап жатыр. Зардап шеккен әйел ауруханаға жеткізілді. "Алматы" шағынауданының Полиция бөлімі өкілдері Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 306-бабы 1-бөлімі (Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету) бойынша соталды тергеуін бастады", - делінген хабарламада.
Тағы да оқи отырыңыздар: Күнде фастфуд жесе не болады?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз