Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны есірткіні жаңғаққа тығып, Өскемендегі түрмеге кіргізбек болған, - деп хабарлайды Мassaget.kz ШҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, елордадан пошта арқылы келген сәлемдемені тексеру кезінде грек жаңғағы қабығының ішінен ерекше иісі бар өсімдік тектес зат табылған. Бұдан бөлек, қағаз орамалдың ішін кесіп телефон тығып қойған. Ал тіс пастасы қорабынан ұялы телефонға арналған құлаққап шыққан.
"Тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді. Барлық келіп түскен сәлемдемелерді түзету мекемесінің қызметкерлері жан-жақты тексеруден өткізеді. Сотталғандарға алуға тыйым салынған заттар тәркіленеді. Ескертулер мен түсіндіру жұмыстарына қарамастан, кейбіреулер түрме қызметкерлері байқамай қалады деп үміттеніп, заңсыз затты салып жібереді", - дейді ОВ 156/20 мекемесі бастығының орынбасары Ермек Айтмұқашев.