- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астаналық тұрғын Қуандық...
Астаналық тұрғын Қуандық Бишімбаевтың үкімін жеңілдету үшін қомақты сома иемденіп алған деген күдікке ілінді
Астаналық тұрғын экс-министр Қуандық Бишімбаевтың үкімін жеңілдету сылтауымен алдау арқылы 100 млн теңгені иемденбек болған деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қуандық Бишімбаевтың туыстарының өтініші бойынша елорда тұрғыны «Г»-ға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Ол аса ірі мөлшерде алаяқтыққа оқталғаны, яғни Бишімбаевтың үкімін жеңілдету сылтауымен алдау арқылы 100 млн теңгені иемдену бойынша күдікті.
Сонымен қатар, күдіктінің іс-әрекеті аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу бойынша сараланды. Оның қылмыстық әрекетінің басқа эпизодтары тексерілуде.
Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина