- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астаналық тұрғын жалған ақшаны пайдаланғаны үшін сотталды
Астаналық тұрғын жалған ақшаны пайдаланғаны үшін сотталды
Астаналық тұрғын жалған ақшаны пайдаланғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты бірнеше рет алаяқтық жасау фактісіне қатысты ҚК 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы бойынша М-ге қатысты үкім шығарды.
Айыптаудың мәні
М. Астана қаласында орналасқан косметикалық дүкеннен заттар алып, кәдесый купюрасы түріндегі 20 мың теңгемен төлем жасап, қалған қайтарымын алдау жолымен жымқырған.
Одан кейін дәл осындай әрекетпен өзге жәбірленушілерді алдап, 5 жәбірленушіге жалпы сомасы 88 500 теңге мөлшерінде мүліктік шығын келтірген.
Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің айғақтарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен және банктік есепшот аударымдарымен дәлелденді.
Тараптардың ұстанымы
Прокурор сотталушыға 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушы сотта кінәсін мойындап, шығынды алдағы уақытта қайтаратынын айтып, жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
Сот үкімі
ҚК 190-бабы 3-бөлігінің санкциясымен мүлкi тәркiленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан 6 жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. Сотталушының шын жүректен өкінуі жауаптылықты жеңілдететін мән-жай ретінде танылды.
Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Сот үкімімен М. ҚК 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина