53 жастағы елорда тұрғыны бөлмесін жалға берген, алайда жалдаушы із-түзсіз жоғалған. Оның үш-төрт күн жалдамалы бөлмеге келмегенінен күдіктенген үй иесі бөлмені тексергенде іші бос екенін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жалдаушы үй иесін ескертпей көшіп кетіп, өзімен бірге бөлмедегі телевизор мен басқа да жеке заттарын алып кеткен. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері 36 жастағы ер адамды анықтады.
Жалдаушы үй иесін ескертпей, басқа жерге көшкені мәлім болды. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде полицейлер күдіктінің ізіне түсіп, ұрланған телевизорды тауып, иесіне қайтарды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полиция қызметкерлері, оның елорда аумағында орын алған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар екенін анықтады. Астана қаласы полиция департаменті тұрғын үйді жалға бергенде сақтық шараларын сақтау қажеттігін еске салады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!