- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алаяқтардың әрекеті
Астаналық тұрғын алаяққа несие алып берген
Астаналық тұрғын алаяқтың құрығына түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қылмысты тоқтату" жедел іздестіру шараларының нәтижесінде Сарыарқа аудандық криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері елорда тұрғынының ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп кеткен 49 жастағы әйел адамды анықтап, ұстады.
Жәбірленушінің айтуынша, алаяқ қаланың екі банкіне кредит беру бойынша сұраным берген. Екі банкте кредитті мақұлдаған, алайда алаяқ бір банктің ақшасын жәбірленушіге беріп, екінші банктің ақшасын өзінде қалдырған. Кейін банктен келген кредиттің төлемін көрген жәбірленуші полицияға жүгінеді.
Күдіктінің тағы да ұқсас он эпизодқа қатысы бар екені анықталды.
Қазіргі уақытта аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Елордалық полицейлер азаматтарды қырағы болуға және қаржылық ресурстарын бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина