Астаналық талапкер университеттен музыкалық аспапты ұрлап кеткен

Астаналық талапкер университеттен музыкалық аспапты ұрлап кеткен
Фото: polisia.kz

Астанада талапкер университеттен музыкалық аспап ұрлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тергеу барысында жас жігіттің іс-шараларда музыкант болып жұмыс істейтіні және алдағы қойылымға аспап қажет болғаны белгілі болды. Ол құжаттарды тапсырған күні құралды университет бөлмесінен байқаған.

Бөлмеге жасырын кіріп, баянды ұрлап, негізгі шыға берістен шығып кеткен. Ол 150 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы күдіктіні анықтады. Ол осы университеттің 18 жастағы талапкері болып шықты. Ол жасаған қылмысын мойындады. Ұрланған құрал тәркіленіп, білім мекемесіне қайтарылды.

Астана полиция департаменті бөтеннің мүлкін иемдену қылмыс ретінде сараланып, қылмыстық жауапкершілікті көздейтінін ескертті.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан