- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астаналық стендапер қамауға...
Астаналық стендапер қамауға алынды
Астаналық стендапер Александр Меркуль 10 тәулікке қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл ақпаратты Астананың мамандандырылған ауданаралық соты растады.
Стендапер залдағы қонақтарға қоғамдық орында балағат сөздер айтқаны үшін айып тағылды.
"Сот отырысында А.И.Меркуль өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкініп, сотқа 2024 жылғы 7 маусымдағы видеода аты аталғандар мен балағат сөздер әзіл қойылым ретінде айтылғанын атап өтті", - деп жазылған сот үкімінде.
Стендапердің ұсталғаны туралы комик Әділ Айшуақов хабарлаған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина