- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астаналық полицейлер тұрғынды...
Астаналық полицейлер тұрғынды неге скотчтап тастағанын түсіндірді
Желіде полиция қызметкерлерінің ер адамның қолына кісен салудың орнына скотчпен орап жатқаны бейнеленген видео тарады. Астана полиция департаменті өкілдері бұл видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл видео Qumash Telegram-арнасында пайда болды. Онда оқиға Астанадағы тұрғын үй кешенінде болғаны айтылған.
"Елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде полиция қызметкерлері ер адамды скотчпен ораған, нақтырақ айтса, қолын. Тұрғындардың айтуынша, ол подъезде есірткі таратқан сияқты", - делінген жазбада.
Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді.
"6 қарашада "102" арнасына тұрғын үйдің кіреберісінде есірткі қолданылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жекелеген патрульдік полиция қызметкерлері 27 жастағы ер адамды ұстап, одан есірткі тәркіленді. Алматы аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы (Есірткі құралдарымен заңсыз айналысу) бойынша соталды тергеуді бастады. Сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданады", - деп хабарлады полиция қызметкерлері.
Сондай-ақ, полиция қызметкерлері видеодағы скотчке қатысты пікір білдірді.
"Ер адам заттай деректен құтылудың барлық амалын жасаған. Кісеннің бір бөлігі полиция қызметкерінің қолында болған, аал екінші бөлігі күдіктіге тағылған. Күдікті есірткіні лақтырып жібермес үшін, полицейлер оны ер адамның алақанына салып, сақтық шаралары ретінде скотчпен байлап тастаған. Қызметкерлерде кісен болды", - деп жауап берді Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек