Астанада полиция қызметкерлері тәркілеген етті жануарлар паналайтын орталыққа табыстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Police.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұған дейін елордада полиция заңсыз ет өңдеу цехтарын анықтады. Олар ветеринарлық-санитарлық нормаларды бұза отырып жұмыс істегені белгілі болды.
22 тонна ет тәркіленді. Осыдан кейін полиция қызметкерлері, ветеринарлық қызмет және басқа да ведомстовалардың қатысуымен комиссия отырысы өтті. Онда өнімді 3 мыңға жуық ит ұстайтын "Стоп-отлов" жеке қорының паналау орнына беру туралы шешім қабылданды.
Алдағы уақытта өнім термиялық өңдеуден өтіп, жануарларға арналған азық ретінде пайдаланылатын болады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!