Астаналық өзі тұратын тұрғын үйдің кiреберiсiне есiрткi жасырып жүрген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Елордалық полицейлер 20 жастағы тұрғында ұстады, одан есірткі салынған 21 бума табылды. Оның тұрғылықты жерін тексерген кезде, "галлюциногенді саңырауқұлақ" оралған 5 пакет және "марихуана" оралған 20 бума, сондай-ақ есірткі орайтын материалдар табылған. Оның есірткі құралдарын "есірткіні жасырын салып кету" әдісі арқылы сатуды жоспарлағаны анықталды.
Қазіргі уақытта осы факті бойынша есірткі және психотроптық заттарды заңсыз әзірлегені, қайта өңдегені, алғаны және сақтағаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Ағымдағы жылы 61 есірткі қылмысы, оның ішінде есірткі өткізумен айналысқан адамға қатысты 53 іс тіркелген.
Заңсыз айналымнан 16,5 кг әртүрлі есірткі заты, оның ішінде 3 кг 400 грамм "синтетикалық есірткі" алынған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз