Астанадағы №38 мектеп-лицейдің мұғалімі қазақ ертегілерінің кейіпкерлерін ағылшын тіліне аударды. Шет тілін оқытудың жаңа тәсілі оқушылардың ынтасын арттырып, олардың үлгеріміне оң әсерін тигізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
"Педагогикалық тәжірибемнің 39 жылында тіл оқытудың әртүрлі әдісін қолдандым: ақпараттық технологиялар, әндер мен фильмдер арқылы. Бірақ танымал шығармалар мен қазақ ертегілерінің аудармасы балалардың қызығушылығын тудырып, оң нәтиже берді", - дейді ағылшын тілі мұғалімі Замзагүл Туйтина.
Сонымен қатар, педагог Бердібек Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" шығармасынан үзінділер мен "Алдар Көсе және Шықбермес Шығайбай" ертегілерін ағылшын тіліне аударған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!