- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астаналық мұғалім білім...
Астаналық мұғалім білім басқармасын сотқа берген
Астана қаласының Білім басқармасы тарих пәні мұғаліміне "мұғалім-модератор" біліктілік санатын бермей қойған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Жоғарғы сотқа сілтеме жасап.
Педагогтерды аттестаттау бес жылда бір реттен кем емес өткізілетіні айтылып, арыз қанағаттандырылмаған. Ұсынылған еңбек кітапшасына сәйкес, арыз иесінің бес жылдық мұғалімдік өтілі болмаған.
Бұл шешіммен келіспеген мұғалім Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жүгінген. Істі қарау кезінде сот бірнеше жайтты анықтады.
Педагогтарды аттестаттау ережелері мен талаптарына сәйкес біліктілік санатын беруге өтінішті екі жылдан кем емес педагогикалық өтілі бар тұлғалар бере алады.
Ал мұғалімнің еңбек өтілі екі жылдан көп болған. Сот мұғалімнің біліктілік санатын көтеруден бас тартуға заңды негіздер жоқ деген қорытындыға келді.
Аттестаттау комиссиясының хаттамасы заңсыз деп танылып, күші жойылды. Ол заңдылықтың негізгі қағидасын бұза отырып шығарылған, өйткені заңда екі жылдық жұмыс өтілі туралы талап тікелей қарастырылған.
Мұғалімнің санатты жоғарылату құқығы қалпына келтірілді. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина