Астаналық меценат Шавкат Рахмоновқа ат мінгізіп, шапан жапты

Астаналық меценат Шавкат Рахмоновқа ат мінгізіп, шапан жапты

Астаналықтар спорттық карьерасында жеңіліп көрмеген аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновқа құрмет көрсетіп, сый-сияпат жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл салтанатты рәсімнің видеосы Instagram-да тарап жатыр. Онда Шавкат Рахмоновқа көпшілік шапан жапқанын, ат мінгізіп, қошемет көрсеткенін көруге болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Rtt_Kokpar_team (@aliba_myrza_attari)

Видеоның астында спортшыға бұл сый-сияпатты белгілі меценат, Астана ат спорты қауымдастығының президенті Әлібек Мұқатаевтың жасағаны жазылған.

"Өзім спортпен айналысқанды ұнатамын, спортшылардың да жағдайын жақсы түсінемін. Келешек ұрпақтың спортпен шұғылдануына ықпал етіп, осындай азаматтарды үлгі тұтуы үшін Шавкатқа ат мінгізуді ұйғардым. Халқымыз "Ат – ер қанаты" дейді. Осыны көрген жастар ойланады, спортқа бет бұрады деген үмітіміз де бар. Бұған дейін боксшы Сәкен Бибосынов пен басқа да спортшыларға осындай құрмет көрсеттім. Спортшы жігіттерімізді үнемі қолдап жүруге тырысамын", - дейді меценат Әлібек Мұқатаев.

Айта кетейік, 5 наурызда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC 285 турнирінде Шавкат Рахмонов америкалық Джефф Нилді буындыру әдісімен жеңген еді.

Кейін спортшы Қазақстанға оралып, оның келесі жекпе-жектеріне дайындығын Спортты қолдау қоры қаржыландыратыны белгілі болды.

22 наурызда Шавкат Рахмонов Ақтөбе облысы Қобда ауданының Қобда ауылына барып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездесті. Ол бір отбасыға үй салып беретінін айтты.

Ал кеше, 27 наурызда спортшыны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдады.

Азамат Қойшығара

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан