Астаналық қыз дүкендердің бірінен 250 дана шоколад салынған қорапты ұрлап кетті

Астанада полицейлер азық-түлік дүкенінің сөресінен шоколад қораптарын алып кеткен қызды анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұрлық "Анвар" супермаркетінде тіркелді, тауардың жоғалғанын сатушы-кеңесші анықтаған.

Дүкенде орнатылған бейнекамера қылмысты ашуға көмектесті. Полицейлер бейнежазбаны көріп, бұрын қаланың басқа аудандарында ұрлық жасағаны үшін жауапқа тартылған елорда тұрғынын таныды.

Белгілі болғандай, қыз супермаркетке кіріп, оны ешкім байқамай тұрған сәтті пайдаланып, "Қазақстан" шоколадының 250 данасы салынған қорапты ұрлап, дүкенге 150 мың теңгеге жуық шығын келтірген.

Күдікті бұл әрекетті толығымен мойындап, ұрланған затты өтіп бара жатқан адамға сатқанын және түскен ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын айтты.

Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!