- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астаналық ЖИТС орталығында...
Астаналық ЖИТС орталығында психо-әлеуметтік кеңес берудің озық тәсілдері талқыланды
Астана қаласының ЖИТС орталығында «АИТВ жұқпасына тексерілу кезінде тестке дейінгі және одан кейінгі кеңес берудің негізгі қағидаттары» тақырыбында алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін және стационарлық мекемелердің қызметкерлеріне арналған семинар-тренинг өтті.
АИТВ жұқпасының ағымдағы эпидемиологиялық жағдайында медициналық үйымның түріне байланысты психо-әлеуметтік кеңес берудің озық, тиімді әрі қолайлы тәсілдерінің қажеттігі туындады.
Мамандар АИТВ жұқпасына тестілеу және кеңес беру, сондай-ақ стигма мен кемсітушілік тақырыбында маңызды сұрақтарды көтерді. Семинар барысында Астана қаласында 2016 жылдың 8 айында АИТВ-инфекциясының 133 жағдайы тіркелгені, оның 30% астамы басқа қаладан келгендерге, 69% жұмыс істейтін азаматтарға тиесілі екендігі аталды.
Материалдарды жақсы меңгеру үшін тренинг рөлдік ойындармен сүйемелденді.
Сондай ақ, ЖИТС орталығының дәрігерлері «90-90-90» жаңа стратегиясын жүзеге асыру мақсатында тұрғындардың тексерілу ауқымын кеңейту қажеттілігін еске салды: тұрғындардың 90% өзінің АИТВ мәртебесін білуі тиіс, 2020 жылға қарай АИТВ-инфекциясы бар науқастар толығымен ем алатын болады, ем алатын адамдардың 90% вирус жүктемесі барынша төмендетіледі. Бұл өз кезегінде эпидемияның тоқтауына, стигма мен кемсітушіліктің азаюына және әлеуметтік шектеуге тосқауыл болады.
Семинар соңында бас дәрігердің орынбасары Салтанат Мусина қатысушыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу және бұл жүйе іске асқаннан кейін ЖИТС орталығында медициналық көмек алу тәртібі туралы айтып берді.
Дереккөз: inform.kz
T. Кіршібаев