Астаналық жігіт тұрақта тұрған көліктердің дөңгелектерін ұрлап жүрген

Астаналық жігіт тұрақта тұрған көліктердің дөңгелектерін ұрлап жүрген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Көлік иесінің айтуынша, көлік жол бойында тұрған. Жүксалғыштың есігі ашық қалған. Осы уақытта күдікті көлік иесінің жоқтығын пайдаланып, жүксалғыштан жалпы құны 240 мың теңге болатын 4 дана дөңгелекті жымқырған.

"Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Алматы ауданы ПБ полиция бөлімінің қызметкерлері 32 жастағы ер адамды анықтады. Ол ұрланған мүлікті сатып жіберіп, ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған. 

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция заттай дәлелдемелерді тәркілеп, иесіне қайтарып берді. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз