- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астаналық жігіт сүйіктісіне...
Астаналық жігіт сүйіктісіне ұрланған бұйымды сыйлаған
Фото:
depositphotos.com
Астаналық жігіт сүйіктісіне ұрланған бұйымды сыйлаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Алматы ауданы ПБ қызметкерлері 23 жастағы елорда тұрғынын анықтады. Ол бұрынғы қызының сенімін пайдаланып, үйіне қонған кезде бағасы 200 мың теңге тұратын Pandora білезігін ұрлаған.
Жәбірленуші тұрғын жігітінің қазіргі қызының әлеуметтік желіге жариялаған фотосынан таныс бұйымды көрген. Яғни арызданушы қымбат білезігінің жоғалғанын бір аптадан кейін ғана байқаған.
Ол өзінің білезігі ұрланғанын нақты білген соң, дереу полицияға арызданды. Қазкүнем жасаған қылмысын мойындады. Полицейлер білезікті тәркілеп, иесіне қайтарды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина