Астанада мүгедектігі бар адамның қомақты қаржысын ұрлаған 21 жастағы күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тергеу барысында ұсталған тұрғын зейнеткерден бірінші қарызға ақша сұраған, кейін зейнетақысының көп мөлшерде жиналғанын білген. Осылайша, мүгедектігі бар кейуананың банк қосымшасын өзіне жүктеп, зейнетақысын алып отырған.
Күдікті жәбірленушіге шамамен 5,5 миллион теңге шығын келтірген. Ұсталған жігіт ұрлаған ақшаның бәрін жұмсап жіберген.
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар оның қала аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы да анықталып жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лес