Астаналық ер адамның супермаркеттен бір бөтелке виски ұрлаған сәті видеоға түсіп қалды

Астаналық ер адамның супермаркеттен бір бөтелке виски ұрлаған сәті видеоға түсіп қалды
Фото: видеодан алынған кадр

Полицияға супермаркет өкілі белгісіз ер адам қымбат алкогольдік сусынды ашық түрде ұрлап кетпек болғанын айтып арызданған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қарақшылық шабуылға қатысқан 47 жастағы қала тұрғыны анықталды.

Ер адам күндіз Петров көшесіндегі супермаркетте сатып алушы сияқты тауар қараған сыңай танытқан. Ол сатушының залда жоқ екенін пайдаланып, құны 16 мың теңгеден асатын бір бөтелке Dewars вискиін сөмкеге салып, сыртқа шығуға бет алғанда оның әрекетін байқаған кассир артынан жүгіріп барып, тоқтатпақ болған. Алайда ер адам ұрланған заттарды лақтырып, қашып кеткен.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан