- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астаналық ер адам...
Астаналық ер адам сайтта танысқан қыздың "жолына" ақша жіберіп, алданып қалды
Астаналық ер адам сайтта танысқан қыздың жолына ақша жіберіп, алданып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Байқоңыр ауданының полицейлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Степногорскінің 49 жастағы тұрғынын анықтады, ол интернет-ресурс арқылы Астанада ер адамдарды алдаған.
Полицияға 37 жастағы жергілікті тұрғын алаяқтық туралы арызбен жүгінген. Жәбірленуші қызбен интернет желісі арқылы танысқанын айтқан. Әдемі қыздың суреттері оған ұнап, шынайы өмірде танысқысы келген, сөйтіп оны Астанаға шақырған. Ал жаңа танысы жолға ақша сұраған. Ер адам оған 28 мың теңге аударған, бірақ виртуал таныс келмей және байланысқа шықпай қойған. Тергеу барысында Степногорск тұрғыны астананың 13 тұрғынын осылай алдағаны анықталды.
Күдікті өз ісін мойындады, Астана аумағында бұрын жасалған осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеру жүргізіліп жатыр.
ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан