Астаналық ер адам құлыпталмаған көлікті ұрлап, бағанаға соғылды

Астаналық ер адам құлыпталмаған көлікті ұрлап, бағанаға соғылды

Астанада мас азамат өзгенің көлігін айдап кетіп, бағанаға соғылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полицейлер көлік ұрлау фактісі бойынша тағы бір қылмыстық істі тіркеді. 24 жастағы жігіт бөтеннің автокөлігін заңсыз иемденіп қана қоймай, оны мас күйінде жүргізген.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Алматы аудандық криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Тергеу нәтижесінде анықталғандай, жас жігіт түнгі уақытта алкогольдік ішімдік ішіп, көшеге шыққан. Тұрғын үй ауласында тұрған Mercedes E-230 көлігінің есігінің ашық, ал кілттің тұтандырғышта тұрғанын көріп, көлікті айдап әкеткен.

Біраз уақыт қаланы көлікпен аралап жүріп, бағанаға соғылып, 3 миллион теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

Қазіргі уақытта құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан