Астанада ер адам бұрынғы әйелі іссапарға көп шығатындықтан балаларын тартып алмақ болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл істі Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады. Ер адам әйеліне қатысты ата-ана құқықтарын шектеу және баланың тұрғылықты жерін әкесімен бірге деп анықтау туралы талап қойған.
Оған анасының ұзақ іссапарлар кезінде баланы тиісті күтімсіз қалдырып, оны тәрбиелеу және күту бойынша ата-аналық міндеттерін орындамауы себеп болған көрінеді.
Сот талқылауы барысында сот куәгерлердің айғақтарын тыңдап, психологтар мен қорғаншылық және қамқоршылық органдары өкілдерінің қорытындыларын талдап, олар баланың анасына қатты эмоционалды байланысының бар екенін растады.
Әйел адамның баланы тәрбиелеу мен күтіп-бағу үшін тиісті жағдайлар жасағаны анықталды. Ата-аналар арасындағы келіспеушілік ата-ана құқығын шектемеуі керек. Сот шешімімен талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылды, себебі ата-ана құқығын шектеу ол соңғы шара.
Сот анасының тарапынан баланың өмірі мен денсаулығына айқын қатер төндіретінін куәландыратын дәлелдер анықтаған жоқ. Шешім заңды күшіне енген жоқ.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз