2024 жылдың басынан бері Астана аумағында 19 459 жол апаты тіркелді, оның 118-і тұрғындар көлікті мас күйінде айдаған кезде болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Құқықбұзушылар жазадан жалтару мақсатында қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатын басқа да заңсыз әрекеттер жасап жатады. Мысалы, қала тұрғыны мас күйінде көлік жүргізгені үшін қамауға алынбау мақсатында сотқа жүктілік туралы анықтама берді, ол жалған болып шықты", - деді Астана прокуратура басқармасының басшысы Саламат Тәңірберген ӨКҚ брифингінде.
Сот әйелді 15 күнге қамауға алып, 7 жылға құқығынан айырды.
Сондай-ақ жалған құжатты пайдалану фактісі бойынша оған қатысты ҚК-нің 385-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!