Астаналық әйел жаңадан көшіп келген көршісінің алтындарын қолды қылған

Астаналық әйел жаңадан көшіп келген көршісінің алтындарын қолды қылған
Фото: pixabay.com

Елордалық тұрғын көршісінің алтын бұйымдарын ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана қаласының полиция департаменті Алматы ауданы бөлімшесінің криминалдық полиция қызметкерлері келіп түскен арыз бойынша ұрлықшыны анықтады.

Жаңадан көшіп келген әйел көршісімен танысу үшін оның үйіне барады. Танысып, әңгіме айту барысында күдікті кітап сөресінің жанында алтын әшекей бұйымдар тұрғанын көреді. Жәбірленуші есік қоңырауын естіп, кіреберіске қарай кеткен кезде ұрлықшы арам ойын іске асырады.

Тәртіп сақшылары істің мән-жайын анықтаған. 30 жастағы күдіктінің алтын бұйымдарды ломбардқа тапсырғаны белгілі болды. Полицейлер арызданушының екі сақинасы мен сырғасын және алқасын қайтарып берді. Шығын көлемі шамамен бір жарым млн теңге.

Жәбірленуші полиция қызметкерлеріне істі кідіртпей ұрлықшыны тауып бергендері үшін алғыстарын білдірген. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина