Астаналық әйел егізден кейін үшемді дүниеге әкелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
18 қаңтарда Астана қаласындағы алғашқы үшем №2 қалалық көпсалалы аурухананың акушерлік блогында дүниеге келді.
Сәбилердің анасы Ажар Қабитова жұбайымен бірге 2020 жылы дүниеге келген қызы мен 2022 жылы туған егіз баласын тәрбиелеп отыр.
"Әйел жүктіліктің 34-ші аптасында босанды, сәбилерінің бәрі - ұлдар. Балалардың салмағы 3000 грамм, 2300 грамм және 2500 грамм болып туды", - деп жазылған мәліметте.
Жаңа туған нәрестелер бір аптаға жуық уақыттан бері №2 қалалық көпсалалы ауруханасында жатыр.
Дәрігерлердің айтуынша, балалардың денсаулығы жақсы, аздап салмақ қосып жатыр. Ұдайы дәрігерлердің бақылауында.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!