Астаналық әйел бірге тұрып жүрген адамның көлігі мен 23 миллион теңгесін алып кеткен. Оқиға 20 желтоқсанда Қосшы қаласында болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полицияға ЖШС басшысы, Астана тұрғыны арызданған.
Ер адамның айтуынша, Қосшыға бірге келген, өзімен бірге тұратын әйел оған тиесілі Lexus 570 автокөлігімен кетіп қалған.
Жол талғамайтын көліктің артқы орындығында 23 000 000 теңге салынған сөмке бар деп мәлімдеген. 52 жастағы әйел жалдамалы пәтерде ұсталды.
Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 389-бабы 2-бөлігі бойынша тергелуде, қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!