- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Вокзал маңында
Астаналық әйел баласын вокзал маңына қалдырып кеткен: жаңа мәліметтер
Көлік полициясының басқармасы Астанадағы вокзалға тастап кеткен балаға қатысты жаңа мәліметтерді жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жол полициясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, баланың анасы табылды. Ол полицияға жеткізілді. Ведомствоның мәліметінше, әйел бұрын психиатриялық диспансерде есепте тұрған.
"Қазіргі уақытта жас баланы қауіпті жағдайда қалдыру фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Бала Астана әкімдігінің өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына жіберілді", - деп хабарлады көлік полициясының департаменті.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмеді.
Еске салайық, 8 қаңтарда Астанадағы ескі вокзал маңында кішкентай бала табылғанын хабарлаған едік. WhatsApp-тағы чаттарда қараусыз қалған бала туралы хабарлама тарады. Онда оны "Баладан бас тартамын" деген жазумен әдейі жалғыз қалдырып кеткені айтылған.
Бұған дейін полицейлер сәбидің анасын іздеп жатқанын айтқан. Ал бала медициналық мекемеге орналастырылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан