Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Сербия президенті Александр Вучич Астанаға ресми сапармен келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сербия президентін әуежайдан премьер-министр Олжас Бектенов қарсы алды.
Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді. Мемлекеттер басшылары қазақ-серб қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылайды.
Саяси диалогті одан әрі нығайту, сауда-экономикалық байланыстар мен мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты кеңейту мәселелеріне баса назар аударылады.
Айта кетейік, Сербия - Қазақстанның Балқан түбегіндегі жақын әрі сенімді серіктесі. Былтыр Қазақстан мен Сербия арасындағы тауар айналымы 7,6 пайызға өсіп, 107 миллион доллардан асты.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!