Алматылықтармен кездесуінде қала әкімі Ерболат Досаев премьер-министр лауазымына тағайындалғаны туралы қауесетке пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әкімнің халықпен кезекті кездесуінде Түрксіб ауданы тұрғындарының бірі өз наразылығын білдірді.
"Үлкен ұлым отбасымен бірге тұратын Жарылғасов көшесіндегі мәселе туралы айтуға келдім. 50 жылдан аса уақыт бойы кәріз құдығы жоқ. Көшенің ортасында мешіт бар, онда кәріз құдығы бар. Басқа 150 үйде жоқ. Түрксіб ауданында тендерлерді жеңіп алған ұйымдар екінші айналым бойынша Төменгі бесжылдық шағынауданында кәріз құдығын қазып, сол жерде тағы да жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Сіз ертең Астанаға премьер-министр болып кетсеңіз, бұл қазірдің өзінде... Мен бұл мәселені Байбекке (Алматының экс-әкімі Бауыржан Байбек - еск.) де, Сағынтаевқа да (Алматының экс-әкімі Бақытжан Сағынтаев - еск.) айттым. Бұл мұра ретінде әкімнен әкімге беріліп жатыр. Ертең егер сіз кетсеңіз, басқа әкім келеді. Мәселе шешілмей қалмасын", - деді ол.
Бұған жауап ретінде Досаев ешқайда кетпейтінін және қала әкімі қызметін жалғастыратынын мәлімдеді.
"Бүгін сіздердің алдарыңызда отырмын, ешқайда кетпеймін. Рақмет. (...) Рұқсат етсеңіз, қалып, жұмыс істейін", - деді Алматы әкімі.
Досаев бұл мәселе бойынша қарамағындағыларға соңғы рет тапсырма бергенін айтты.
"Олар қазір жобалау-сметалық құжаттаманы дайындап жатыр, биыл қарашаға дейін жұмысты аяқтауға тиіс. Кәріз жүйесі жоқ барлық көшені біріктірдік. Келесі жылы бәрі жақсы болса, құрылыс жұмыстарын бастаймыз", - деп сендірді Досаев.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!