Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Болашақ ойындары - 2026" халықаралық мультиспорт турнирінің ашылу салтанатында сөз сөйлейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астанада 29 шілде - 9 тамыз аралығында өтетін сайыста 34 елден 800 спортшы бақ сынайды.
Іс-шараның ашылу салтанатына Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров және Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қатысады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!