- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Астанаға келгенда пәтердің...
"Астанаға келгенда пәтердің ақшасын төлей алмай қалған". Белгілі кәсіпкер айтыскер Айшолпан Тілеутайға пәтер сыйлады
Айтыскер ақын, актриса Айшолпан Тілеутай баспаналы болды. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, бұл тосынсый болған. Белгілі кәсіпкер оған осындай сый жасаған.
"Жаяу жүрсем ақын деп құрметтеп, астыма ат мінгізетін жанашыр халқым бар. Қарным ашса дәм ұсынып, жығылсам көтеретін, біреу тиіссе қорған болатын ол тағы да Қазақ елі. Бүгін де Алланың қалауымен, Дәулет ағам себепкер болып, Матулла ағам Астанадан баспана сыйлады! Қуанышымда шек жоқ! Ақын деп ардақтап, қарындас деп қамқор бола білетін ағалардың баршасына алғыс білдірем! Құрметтілерім! Бұйырса күзде қоныс той! Құттықтау басталып кетті! Осындай елдің қызы болу бақыт қой! Әкешім-анашым сіздерді Астанаға көшіріп алып келемін бұйырса", - деп жазды ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Депутат Дәулет Мұқаев та Айшолпанның қуанышына ортақтасты.
"Айшолпанды білемін. Тіпті Астанаға келген кезде пәтердің ақшасын төлей алмай қалған күндері болған. Қонақүйдің ақшасын төлей алмай қалған сәттері болған. Қиыншылықтың бәрі артта қалсын. Бір қазақ баспаналы болса қуанайық", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова