Астанаға келген Пашинян “жүрек“ көрсетіп, өз стилінде видео жариялады

Армения премьер-министрі Никол Пашинян әлеуметтік желіде Астанада түсірген видеосын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеода Никол Пашинян терезеден Астананың көрінісін, кейін қолымен "жүрек" белгісін көрсетеді. Видеода әнші Баянсұлу Сағындықованың (BAYANSULU) Aua rai әні қосылып тұрғаны естіледі.

"Қайырлы таң, күндеріңіз сәтті өтсін, бәріңізді жақсы көремін", - деп жазды Пашинян.

Айта кетейік, Армения Республикасының премьер-министрі Никол Пашинян кеше ресми сапармен Астанаға келді. Бағдарлама аясында 21 қарашада екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша бірқатар кездесу жоспарланған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!