Қазақстанда өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына келген англиялық азаматтың ата-анасы полицияның көмегіне жүгінген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұлыбританиядағы ата-анасы ұлының екі күн хабарсыз кеткенін, SOS батырмасын басып, телефон арқылы көмек сұрағанын айтып, Астана полициясына жүгінген.
Астана полициясы жігіттің Астанаға Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысу үшін келгенін мәлімдеді.
"Ата-анасы жас жігіттің аяқастынан байланысқа шықпай қалғанына уайымдаған. Іздеу жұмыстарына кіріскен полиция қызметкерлері 29 жастағы жігіттің 2 күн бойы байланысқа шықпай, қонақ үйде болғанын анықтады", - деп мәлімдеді полиция.
Полиция шетелдіктің SOS белгісін байқаусызда басқанын хабарлады. Жігіттің әкесі видео арқылы туристік полицияға рақмет айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!