- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанадан Түркияға 4...
Астанадан Түркияға 4 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді
Түркияның Қазақстандағы елшілігі қазақстандықтарға жер сілкінісінен зардап шеккен азаматтарға жіберілген гуманитарлық көмек үшін алғыс білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Астанадағы қамқор жандардың жер сілкінісінен зардап шеккендер үшін Елшілігімізге жеткізген 4 тонналық көмек материалдары Түрік Әуе Жолдары арқылы қайырымдылық қорларымызға жіберілді. Алғысымызды білдіреміз", - деп жазды елшілік өкілдері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова