Бүгін, 24 мамырда әнші Димаш Құдайберген 29 жасқа толды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші Instagram-дағы парақшасында Нью-Йорктегі Таймс-скверде жанкүйерлерінің тапсырысымен көрсетілген видеоны жариялады.
"Сәлем, Таймс-сквер! Сәлем, әлем! Сәлем, 29 жас! Бәріңізге осыншама үлкен құрметтеріңізге көп рақмет. ТҰСАУКЕСЕР!!! Бүгін кешкі сағат 20:00 де менің "YouTube” арнамда "Өмір" деп аталатын жаңа туындымның бейнебаянын бірге көруге шақырамын", - деп жазды әнші.
Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)
Астана да бұған ілесе кетті – әншінің видеосы қаланың орталығындағы зәулім ғимараттан көрсетілді. Бұл - Jibek Joly телеарнасы қызметкерлерінің құттықтауы. Бүгін белгілі продюсер Игорь Крутой телеарна эфирінде қазақстандық әншіні туған күнімен құттықтап, жылы лебізін айтты.
Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлерінің құттықтауы: