Астанадан Шымкентке бағытталған пойыз жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желідегі мәлімет бойынша, екі теміржол қызметкері қаза тапқан.
21 қаңтарда сағат 7:27-де Шығанақ-Шоу учаскесінің Жиделі-Бірлік аралығында теміржол көлігінің екі қызметкерімен жазатайым оқиға орын алды. Салдарынан екі қызметкер қайтыс болды.
Пойыз машинисі жедел тежеуді іске қосқанымен, алайда қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болмаған.
"Барлық мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына ҚТЖ комиссиясы барды. Тексеру басталды. ҚТЖ қызметкерлердің отбасыларына қайғыра көңіл айтады және оларға қажетті көмек көрсетеді", - делінген ҚТЖ баспасөз қызметінің Massaget.kz тілшісіне берген ресми жауабында.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!